Бангладеште колледж үстіне әскери ұшақ құлап, жиырма шақты адам қаза тапты

0
111

Апат колледжде сабақ жүріп жатқан кезде болған.


Бангладеште колледж үстіне әскери ұшақ құлап, жиырма шақты адам қаза тапты

Фото: видеодан кадр

ERNUR.KZ. Бангладеште елдің әскери-әуе күштерінің F-7 BGI оқу-жаттығу ұшағы республика астанасы Даккадағы колледж бен мектеп аумағына құлап, жиырма шақты адам қаза тапты, деп жазады stan.kz.

Жергілікті биліктің алдын-ала мәліметі бойынша, апат салдарынан 19 адам қаза тауып, 10 жастан 55 жас аралығындағы 150-ден астам зардап шеккен. Апат колледжде сабақ жүріп жатқан кезде болған.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендер Дакка медициналық колледжінің жанындағы Ұлттық күйік және пластикалық хирургия институтына жеткізілді.

Негізінен студенттер мен мұғалімдер зардап шеккен, олардың көбі ауруханаға ауыр халде түскен.

Ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесінде оқу-жаттығу ұшағы 13:06-да қшып шығып, бірден құлап кеткені айтылған. Апат себебі әлі белгісіз.

Алдын-ала мәлімет бойынша, ұшқыш оқиға орнында қаза болған. Бангладеш үкіметі сейсенбіге ұлттық аза тұту күнін жариялады. Уақытша үкімет басшысы Мохаммад Юнус қайғылы оқиғаны толық зерттеп, зардап шеккендерге көмек көрсетуге уәде берді.