Бейжіңде жылдамдығы 150 км/сағ болатын құмды дауыл соғып тұр

0
205

Бұл – 75 жылда болған табиғи апат.


Бейжіңде жылдамдығы 150 км/сағ болатын құмды дауыл соғып тұр

ERNUR.KZ. Қытай астанасында боран мен құмды дауыл басып тұр. Мыңдаған адам үйінен шыға алмай отыр, жүздеген рейс тоқтатылды, ал көшелер қорқынышты фильмдегідей болды. Бейжіңде 75 жылдан кейін алғаш рет дәл осындай жойқын құмды дауыл соғып тұр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бейжің аспаны бұлттан емес, құмнан қараңғыланып тұр.

«Жел аяғыңыздан шалып құлатады, шатырларды жұлып, ағаштарды құлатып жатыр. Желдің екпіні 150 км/сағ жетеді. Бұл – соңғы 75 жылдағы ең күшті жел. Екі негізгі әуежай – Пекин-Шоуду және Пекин-Дасин 700-ге жуық рейсті тоқтатты», - деп хабарлайды аталмыш агенттік.

Табиғи апаттан қаладағы туристік нысандар жұмысын уақытша тоқтатты. Ал көшелерде көріну деңгейі нөлге тең.