Беларусь президенті 2021 жылдың жемқор шенеунігі атанды

0
547

2021 жылдың жемқор шенеуніктердің тізімінде Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани, Сирия президенті Башар Асад, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Австрияның бұрынғы канцлері Себастьян Курц бар.

Беларусь президенті 2021 жылдың жемқор шенеунігі атанды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстық зерттеу орталығы Беларусь президенті Александр Лукашенконы 2021 жылдың жемқоры деп таныды, деп жазады Stan.kz.

Лукашенко бұл "атақты" "ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа араласқаны үшін" иеленген.

Зерттеу орталығы Беларусь президентін елдегі оппозициясының жетекшісі Роман Протасевич пен оның құрбысы София Сапьеха бар Ryanair ұшағын мәжбүрлеп қондыруға, "отбасына жақын олигархтарға мемлекеттік қаражатты жымқыруды ұйымдастыруға" және Польшамен шекарадағы көші-қон дағдарысы мен коронавирус туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты кінәлі деп атады.

Орталықтың негізін қалаушы Дрю Салливан 2021 жылдың жемқорлық оқиғаларға бай болғанын ерекше атады, алайда Лукашенко "барлығын басып озған".

Қорытындыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы алты журналист пен сарапшылар қорытындылады.