​Белгілі продюсер жас актрисаны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

0
3 625

"Әйтпесе, актриса болмайсың" деп қорқытып, арам ойын іске асыруға тырысыпты.


​Белгілі продюсер жас актрисаны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Есімін құпия сақтауды жөн көрген поляк моделі 16 жасында кинопродюсер Харви Вайнштейннің жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болғаны туралы мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 2002 жылы болған. Ол кезде актрисалық мансабын енді ғана бастаған бойжеткен Вайнштейнмен түскі ас ішуге барады, алайда продюсер оны үйіне апарып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей бастаған. Бірақ жас қыз бас тартады. Ал Вайнштейн "әйтпесе, актриса болмайсың" деп қорқытып, арам ойын іске асыруға тырысыпты.

Осы жайтқа қарамастан, жас модель продюсермен өзінің болашағы туралы сөйлесуді жалғастырған.

Бұдан бұрын Голливудтің атақты кинопродюсерлерінің бірі Харви Вайнштейнді ондаған актриса жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айыптады, олардың арасында Анджелина Джоли, Ума Турман және Эшли Джадд сынды жұлдыздар бар. Осы айыптаулардан кейін Вайнштейн өз компаниясынан жұмыстан қуылып, Нью-Йорк билігі продюсерге қатысты тергеуді бастады. Бір топ әйел Вайнштейн мен оның компаниясының өкілдеріне ұжымдық арыз жазып, сотқа берген.