Ведомство мәліметінше, кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айына дейін жабылады.
ERNUR.KZ. Жапонияда көлемі жағынан екінші тұрған ірі мұнай өңдеу компаниясы елде бензинге сұраныстың төмендеуінен өзінің негізгі мұнай өңдеу зауытының бірін жабады, деп жазады ҚазАқпарат.
Idemitsu Kosan Co. кәсіпорны Хонсю аралының оңтүстік-батысындағы Ямагути префектурасында орналасқан. Ол тәулігіне 120 мың баррельге дейін мұнай өңдеуге қауқарлы. Бұл көлем корпорация қуатының шамамен 10% сәйкес келеді. Аталған мұнай өңдеу зауыты көтерме бағамен мұнай жеткізетін Жапониядағы ірі кәсіпорындар арасында екінші орын алады. Онда 450-ге жуық маман жұмыс істейді.
Ведомство мәліметінше, кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айына дейін жабылады. Оның басты себебі – елде бензинді пайдалануды азайту үдерісінің жалғасуы.
Жапонияда бензинді сату 20 жыл қатарынан тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл декарбондаудың жаһандық тенденциясы аясында экологиялық таза автомобильдердің көбірек енгізілуіне байланысты болып отыр.
Idemitsu мәлімдемесінде сондай-ақ, сұраныстың одан әрі төмендеуі Жапония халқының азаюына және COVID-19 пандемиясының салдарынан болып отырғаны айтылған. Бұл зауытты жабылуына әкелді.
Бұл ретте, Жапонияның Eneos Holdings ең ірі мұнай өңдеу компаниясы да 2023 қаржы жылында өзінің ең маңызды мұнай өңдеу зауыттарының бірін жабуға ниетті.