Пианист композицияның негізгі партиясын оң қолымен бір рояльда, ал екінші партиясын сол қолымен екінші аспапта шебер орындап шыққан.
ERNUR.KZ. Америкалық пианист Лола Астанова Скотт Джоплиннің "Maple leaf rag" композициясын бір уақытта екі рояльда ойнап, желі қолданушыларын тамсандырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Виртуоз ерекше орындаушылық өнерін видеоға жазып, өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Олар үнемі екеуі біреуінен жақсы деуші еді", – деп жазды Астанова.
Пианист композицияның негізгі партиясын оң қолымен бір рояльда, ал екінші партиясын сол қолымен екінші аспапта шебер орындап шыққан.
"Мәссаған! Керемет! Әрдайым ғажайып нәрсе көрсетесіз", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
"Мұндайды бұрын көрмеппін", "Осылай ойнау үшін қанша еңбектенгеніңізді елестете алмаймын", – деп таңданысын жасырмады басқалары.