Бішкек маңындағы атыстан шетелдік туристер зардап шеккен

0
777

Зардап шеккендердің арасында Ресей, Беларусь және Франция азаматтары бар.


Бішкек маңындағы атыстан шетелдік туристер зардап шеккен

ERNUR.KZ. Зардап шеккендердің бірі Дмитрий Анисимковтың айтуынша, өрттің салдарынан олардың барлық мүлкі жанып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

"Қабырғаның арғы жағында лаңкес тұрғаны белгілі болды. Сағат 6:00 де бізге азаматтық киім киген адамдар келіп, бізді құтқарып алды. Біз барлығымыз 13 адамбыз. Ресей азаматтары, Беларусь Республикасынан бір азамат және Франция азаматы. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ өрт басталған уақытта заттарымыз, ақшалар, банк караталарымыз жанып кетті. Қазір Кант қаласының полиция бөлімшесіне келіп, айғақ беріп жатырмыз", - деді ол.

Анисимковтың айтуынша, олар Ресейдің Қырғызстандағы елшілігіне хабарласқан. Оларға құжаттарды төрт айдың ішінде ғана қалпына келтіруге болатынын айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бішкек іргесіндегі ауылда атыс болғанын жазған болатынбыз.