Бішкекте ШЫҰ үкімет басшылары 14 құжатқа қол қойды

0
499

Әлихан Смайылов Бішкекте өтіп жатқан ШЫҰ үкімет басшылары отырысына қатысты.


Бішкекте ШЫҰ үкімет басшылары 14 құжатқа қол қойды

ERNUR.KZ. Бүгін Бішкекте Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың төрағалығымен ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің бірініші ХХІІ отырысы өтті, деп жазады inform.kz.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (премьер-министрлер) кеңесінің жиырма екінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике;

2. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілген іс-шаралар мен отырыстар туралы ШЫҰ Хатшылығының есебі туралы ҮБК шешімі;

3. ШЫҰ-ның 2022 жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есебі туралы ҮБК шешімі;

4. ШЫҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы ҮБК шешімі;

5. ШЫҰ-ның қаржылық ережелері туралы ҮБК шешімі;

6. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары лауазымды тұлғаларының ақшалай қаражаты, кепілдері мен өтемақылары туралы ереже бойынша ҮБК шешімі;

7. ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы аудиторлар комиссиясының ШЫҰ тұрақты жұмыс істейтін органдарының қаржы-шаруашылық қызметіне сыртқы аудит жүргізу туралы есебі бойынша ҮБК шешімі;

8. ШЫҰ мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің (темір жолдардың) өзара іс-қимыл тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы ҮБК шешімі (Ташкент қ. 2019 жылғы 2 қараша);

9. ШЫҰ Хатшылығының штаттық кестесі туралы ҮБК шешімі;

10. ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің штаттық кестесі туралы ҮБК шешімі;

11. ШЫҰ аймағындағы сатып алушылар мен сатушылардың цифрлық кездесуін өткізу тұжырымдамасы туралы ҮБК шешімі;

12. 2017 жылдың 1 желтоқсанындағы ШЫҰ бюджетін құру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

13. ШЫҰ мүше мемлекеттердің цифрлық сауда саласындағы сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрліктер мен ведомстволар арасындағы ынтымақтастық перспектикаваларын зерделеу бастамасы (қол қоюсыз қабылданады);

14. 2024 жылғы «Эколгия жылына» арналған ШЫҰ іс-шаралар жоспары.

ШЫҰ мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының келесі отырысы Пәкістан Ислам Республикасында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлихан Смайылов Бішкекте өтіп жатқан ШЫҰ үкімет басшылары отырысына қатысты.