Бішкекте жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер төбелесіп, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты

0
802

Шетелдіктерден "кек алып, сазайын беруге" кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған.


Бішкекте жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер төбелесіп, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты

ERNUR.KZ. Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке әкелді, деп жазады stan.kz.

Қырғызстанның Свердлов ауданына қарасты ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан көбінде шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған. Оған қатысқандар арасында үш шетелдік бар.

Белгілі болғандай, шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр.

Алайда 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден "кек алып, сазайын беруге" кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған. Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады.

"Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған. Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды. Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр. Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстап отыр. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткенін хабарлады", – деді басылым.