Биыл Ресейде «Мәңгілік полк» шеруі өтпеуі мүмкін

0
481

Жеңіс күніне орай еске алу шаралары 1 мамырдан басталады.


Биыл Ресейде «Мәңгілік полк» шеруі өтпеуі мүмкін

ERNUR.KZ. Биыл Ресейде «Мәңгілік полк» шеруі өткізілмеуі мүмкін, деп жазады inform.kz.

«Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғандықтан, Ресейдің «Мәңгілік полк» орталық штабы 2024 жылы шеруді ашық өткізбеу туралы шешім қабылдады», - деді Ресейдегі «Мәңгілік полк» қоғамдық қозғалысы орталық штабының тең төрағасы - мемлекеттік Думаның депутаты Елена Цунаева.

Ол сондай-ақ акцияны Ресейден басқа 60 елде өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Белсенділер шеруді жеке өздері ұйымдастыруға өтініш білдірді, бірақ әзірге мақұлданған жоқ.

«Біз әзірге келісетінімізді немесе келіспейтінімізді айта алмаймыз», - деді Елена Цунаева.

Оның айтуынша, Жеңіс күніне орай еске алу шаралары 1 мамырдан басталады. Ресей қалаларында қоғамдық бақтар мен саябақтарда «Естелік галереялары» ашылады, мектептерде мемориалдық жиындар өтеді, қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері ілінеді.

Сондай-ақ депутат 9 мамырды мерекелеу қарсаңында Ресейдің 22 аймағында іздеу экспедициялары басталғанын айтты.

«9 мамырға қарай іздеу жүйелері жаңа есімдерді анықтайды деп үміттенеміз. Біз олар туралы міндетті түрде айтып, отбасылары мен достарын қуантатын боламыз», - деп түйіндеді ол.

Ресейдің «Мәңгілік полк» шеруі - 2012 жылы азаматтардың бастамасымен пайда болған жалпыұлттық қозғалыс. «Мәңгілік полк» шеруі Жеңіс күнін мерекелеудің бір бөлігі. 2019 жылы 10 миллионнан астам адам Ресейдің жүздеген қалаларының көшелеріне екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан туыстары мен достарының портреттерін алып шықты.