Әйел блогерлік жұмысын азайтқан соң, оның парақшасынан екі адам жазылудан бас тартқан.
Фото: pexels
Белгілі болғандай, Ниша Instagram желісінде белсенді контент-мейкер болған – ол күн сайын бірнеше видео жариялап отырған. Алайда мұндай белсенділік күйеуіне ұнамай, ол жұбайынан үй шаруасына көбірек көңіл бөлуді сұраған.
Ниша блогерлік жұмысын азайтқан соң, оның парақшасынан екі адам жазылудан бас тартқан. Бұл жағдай оны қатты толғандырыпты. Сондықтан ол ата-анасының үйіне оралып, әйелдерге қатысты қылмыстармен айналысатын полиция бөліміне жүгінген.
Independent басылымының жазуынша, күйеуі де полицияға келіп, өз көзқарасын білдірген. Полиция қызметкерлері тараптарды татуластыруға тырысқан. Нәтижесінде Ниша арызын қайтарып алды, алайда күйеуінің үйіне оралмады.