Төрт бала қаза тапты. Тағы бір бала ауыр халде жатыр.
ERNUR.KZ. Бразилияның оңтүстігіндегі Блуменау қаласындағы балабақшада ер адам төрт кішкентай баланы балталап өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
BBC хабарлауынша, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 09.00 шамасында балабақшаға кіріп кеткен 25 жастағы ер адам 4 баланы өлтіріп, тағы 4 баланы жарақаттаған. Олардың кем дегенде біреуінің жағдайы ауыр.
Полицияның жергілікті БАҚ-қа хабарлауынша, шабуыл жасаушы қылмысты өз мойнына алған және қазіргі кезде қамауда отыр. Әскери полиция мәлімдемесінде шабуылдаушының қала аудандарының бірінде полицияға берілгені айтылды.
«Өрт сөндірушілер шабуыл кезінде «Мейірімді бақташы» деп аударылатын Cantinho Bom Pastor балабақшасында шамамен 40 бала болғанын хабарлады. Белгілі болғандай, ер адам ғимаратқа кіру үшін дуалдан секіріп өтіп, балаларға тарпа бас салған. Оқиға туралы хабар тараған кезде-ақ ата-аналар балабақшаға жүгірген. Қала билігі Блюменаудағы сабақтарды ертеңге дейін тоқтатты», - делінген хабарламада.
Блюменау қаласы орналасқан Санта-Катарина штатының губернаторы үш күндік қаралы күн жариялады.