Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді.
ERNUR.KZ. Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді. Оған өткен түні планетамыз енген Күндегі короналық шұңқырдан плазманың атқылауы түрткі екені айтылады, деп жазады Zakon.kz.
Ресейдің Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, соңғы тәулік ішінде Жер маңындағы Күн желі шамамен 300-ден 700 шақырымға дейінгі жылдамдықта ұйытқыған. Соған қарамастан, магнитосфера біраз уақыт салыстырмалы түрде тұрақты болған, алайда соңында дауыл басталды.
Қазір полярлық шұғыланың жылдам күшейіп жатқаны байқалады. Ауа райы ашық болған жағдайда Ресейдің солтүстік-батысында алғашқы әлсіз жарқылдар көрінуі мүмкін.


