Алматыда жалға берілген үй қарасора зертханасына айналған

0
93


Алматыда жалға берілген үй қарасора зертханасына айналған

ERNUR.KZ. Алматыда үй иелері уақытша баспанада тұрып, негізгі ғимаратты қарасора өсіруге бейімдеген. Заңсыз әрекетті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел қызметкерлері анықтады, деп жазады Zakon.kz.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адам ұсталды.

"Үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері құмыраларға егілген, марихуанаға тән иісі бар 93 түп өсімдік пен өзіне тән иісі бар зат салынған пакетті тәркіледі. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел қызметкерлер есірткіні өткізу арналарының бар-жоғын анықтап жатыр". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Бөлісу