XVIII ғасырға жататын қабірден 12 сарбаздың сүйегі табылған.
Сурет: pixabay
Fox News дерегінше, бұл олжа жолдың шамамен 3,7 шақырымдық учаскесінен табылған.
Оломоуц археологиялық орталығы мамандарының айтуынша, жерлеу орындарының бірі 1745 жылғы екінші Силезия соғысы кезімен тұспа-тұс келсе, қалған үш қорым 1866 жылғы Австро–пруссия соғысы кезіндегі ұрыстармен байланысты.
XVIII ғасырға жататын қабірден 12 сарбаздың сүйегі табылған. Олардың нақты қай әскерге тиесілі екені әзірге анықталмаған. Ал XIX ғасырдағы жерлеу орындарынан 43 әскери қызметкердің сүйегі шыққан: оның 23-і – австриялық, 20-сы – пруссиялық сарбаздар. Сүйектерде оқ тиген жарақаттардың іздері бар.
Адам сүйектерінен бөлек, археологтар жақсы сақталған бірқатар тарихи жәдігерлерді тапқан. Олардың қатарында:
- әскери киімнің бөлшектері;
- мата қиықтары;
- сарбаздардың жеке заттары;
- оймыш жазуы бар күміс қалта сағаты;
- сақиналар;
- 1854 жылы соғылған алтын тиын бар.
Мамандардың пікірінше, XVIII ғасырға тиесілі жерлеу орнын табу – өте сирек жағдай және Орталық Еуропа бойынша баламасы болмауы мүмкін.
Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін табылған жәдігерлерді Градец-Кралове қаласындағы Шығыс Богемия музейіне тапсыру жоспарланып отыр. Ал сарбаздардың сүйектері Чехия заңнамасына сәйкес қайта жерленеді.


