Дағыстанда никаб киюге уақытша тыйым салынды

0
268

2 шілде күні мүфтият Telegram арнасында пәтуа бөлімі төрт мазһабтағы шариғат мәтіндерін талдап, никабқа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шешім қабылдауға жеткілікті негіз таппағанын хабарлаған.


Дағыстанда никаб киюге уақытша тыйым салынды

ERNUR.KZ. Анықталған қауіп-қатер жойылып, жаңа теологиялық тұжырым жасалғанша Дағыстан мүфтияты никаб киюге уақытша тыйым салды. Бұл туралы республика мүфтиінің орынбасары Абдулла Салимов мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

«Дағыстан мүфтиі республиканың ұлттық саясат және дін істері министрлігінің үндеуіне сілтеме жасай отырып, республика халқының қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын хабарлайды. Сондықтан пәтуа бөлімінің құзыретті қорытындысына сүйене отырып, анықталған қауіп-қатер жойылмайынша және жаңа теологиялық қорытындыға дейін никаб киюге уақытша тыйым салынады», - деді Салимов Дағыстан мүфтиятының Telegram каналында жарияланған видео хабарламасында.

Бұған дейін аймақ мүфтиятының пәтуа бөлімі жергілікті жерлерде никаб киюге тыйым салу қандай жағдайда қарастырылатынын бөлек түсіндіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған.

2 шілде күні мүфтият Telegram арнасында пәтуа бөлімі төрт мазһабтағы шариғат мәтіндерін талдап, никабқа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шешім қабылдауға жеткілікті негіз таппағанын хабарлаған.

Белгілі бір жағдайларда қауіпсіздік мақсатында никаб киюге жергілікті уақытша тыйым салу енгізілуі мүмкін екені түсіндірілді.

Бұған дейін Дағыстан басшысы Сергей Меликов никаб киюге қарсы шығып, бұл киімнің Кавказ халықтарына тән емес екенін айтқан болатын.

Ол өз көзқарасын, соның ішінде қауіпсіздік себептерін түсіндірді, өйткені мұндай киім «еркектерге осы киімнің артына жасырынуға, ал әйелдерге кең киімнің астында тыйым салынған заттарды алып жүруге мүмкіндік береді».