Көзі жойылған қарақшылардың бірі-Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың 31 жастағы ұлы Осман Омаров.
ERNUR.KZ. Дағыстан Жоғарғы соты 28 маусымда Дағыстанда террорлық шабуылдар жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық топты республиканың Сергокалин ауданының бұрынғы басшысы Магомед Омаровтың ұлы құрғанын анықтады, деп жазады zakon.kz.
РИА Новости ақпаратынша, көзі жойылған қарақшылардың бірі-Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың 31 жастағы ұлы Осман Омаров.
"Содырлардың сыбайласы Омаров құрған топқа қосылды. (...) Осыдан кейін қылмыстық топтың қатысушылары Дағыстан Республикасының аумағында террористік актілер жасауға дайындала бастады",-делінген Дағыстан Жоғарғы Сотының баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, Осман Омаров серіктестерінен оны топтың жалғыз көшбасшысы деп тануды және оған ант беруді талап еткені туралы хабарланды.
Кейін Махачкала мен Дербентке жасалған қарулы шабуылдың салдарынан алты полицейдің қаза тапқаны белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері лаңкестік әрекеттердің құрбаны болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтты.