Шымкентте автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмысы жалғасуда.
ERNUR.KZ. Қаладағы қолданыстағы қоғамдық көлік бағыттары және жасалған келісімшарттарға сәйкес, жыл соңына дейін қалаға 192 жаңа автобус жеткізіледі.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жолаушылар тасымалдаушы компанияларға жеткізілген автобустарды қарап шықты, техникалық сипаттамаларымен және бағытқа шығуға дайындығымен танысты.
Айта кетейік, жыл соңына дейін жеткізеді деп жоспарланған 192 автобустың 64-і «Радуга-транспорт» ЖШС-не тиесілі. Барлығы – Yutong маркалы автобус. Қазірдің өзінде қалаға 21 автобус жеткізілген. Қазан айының соңына дейін олар №№126, 104 және 60 бағыттарға шығарылады. Жыл соңына дейін тағы 25 автобус №№6, 51 және 67 бағыттарға жіберілмек.
Тағы 128 автобус «Түркістан көлік компаниясы» ЖШС үшін қарастырылған. Мұнда да Yutong маркалы автобустар жеткізілуде. Қазіргі таңда қалаға 29 автобус келді. Қазан айының соңына дейін олар №№12, 35, 92, 103 және 135 бағыттарда қатынай бастайды. Қалған 60 автобус жыл соңына дейін жеткізіліп, бағыттарға бөлінеді.
Осылайша, екі тасымалдаушыға қазірдің өзінде 50 жаңа автобус жеткізілді. Автобустарды сатып алуды қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы «Qaz Tehna» ЖШС-нен лизингтік қаржыландыру негізінде жүзеге асырылуда.
Автобус паркін жаңарту ескірген жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен ауыстыруға, жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және Шымкент тұрғындары мен қонақтарына неғұрлым жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.


