ДДСҰ басшысы күзде індеттің жаңа толқыны басталатынын мәлімдеді

0
1 065

Ұйымның бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан коронавирус Үндістан үшін эндемиялық ауруға айналатынын хабарлаған еді.


ДДСҰ басшысы күзде індеттің жаңа толқыны басталатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус елдерді індеттің күзде басталатын толқынына дайындалуға және тиісті шараларды жүргізуге үндеді, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, әлемдегі жағдай тұрақталған, бірақ ауруға шалдығу мен өлім көрсеткіші өте жоғары деңгейде қалып отыр.

«Келесі үш ай болашақ пандемияға дайындықты қамтамасыз ету және оған қарсы әрекет ету шараларын ұйымдастыру үшін маңызды кезең болады», – деді Гебрейюс. ДДҰ басшысы әлемде бір күнде анықталатын науқастар мен қайтыс болғандардың санына қатысты жағдай тұрақталғанын атап өтті. «Бірақ бұл тұрақтылық өте нашар деңгейде: вирус жұқтырудың 4,5 миллион фактісі және дерттен қаза табудың 68000 фактісі», – деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумя Сваминатан коронавирус Үндістан үшін эндемиялық ауруға айналатынын хабарлаған еді. Оның айтуынша, аурудың таралуы елдің белгілі бір аймақтарына ғана тән болатын «эндемикалық» кезеңге өтті.