ДДСҰ компьютер ойындарына құмарлықты ауру деп таныды

0
1 137

Құжатқа сәйкес, бұл психикалық бұзылыстың жаңа түрі.


ДДСҰ компьютер ойындарына құмарлықты ауру деп таныды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) компьютер ойындарына құмарлықты ауру деп ресми түрде мойындады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құжатқа сәйкес, компьютерлік және видео ойындарға деген құмарлық – бұл психикалық бұзылыстың жаңа түрі. Алайда, бұл ауруды диагностикалау үшін адам жыл бойы отбасылық, әлеуметтік, білім беру, кәсіби және өмірдің басқа салаларына теріс әсер ететін ойын бұзылысының белгілерін байқауы керек.

Сонымен қатар, диагнозды тек білікті маман-дәрігер ғана жасай алады, дейді ДДСҰ-ның психоактивті заттар мен тәуелді мінез-құлық саласындағы сарапшысы Владимир Позняк. Оның айтуынша, бұл сипаттаманы жеке пікір негізінде туыстарына немесе достарына қолдануға болмайды.