ДДСҰ әлемдік қауымдастықты қаржы бөлуге шақыру туралы мәлімдемені келесі аптаның басында жариялайды деп күтілуде.
ERNUR.KZ. Маймыл шешегімен күреске алты ай бойына 135 млн доллар көлемінде қаржы қажет, деп жазады baq.kz.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді.
Женевада дипломатиялық миссияның брифигінде сөз сөйлеген ол mpox вирусының таралуына байланысты «кешенді әрі үйлестірілген халықаралық әрекеттер» қажет деп отыр.
Бұл жұмысты қаржыландырып, індетті тезірек тоқтату үшін дайындық пен әрекет етуді қамтамасыз етудің стратегиялық жоспарына сәйкес індеттің жіті фазасына алты ай бойы 135 доллар қажет, - деді Гебрейесус.
ДДСҰ әлемдік қауымдастықты қаржы бөлуге шақыру туралы мәлімдемені келесі аптаның басында жариялайды деп күтілуде.
Біз донорларды қажетті ресурсты ұсынуға шақырамыз және ДДСҰ мен өзге де серіктестерге уәде бергендерге алғыс айтамыз, - деп атап өтті бас директор.