Долларға "шомылған" өзбек әншісі лицензиядан айырылды (видео)

0
974

Әнші шектен шығатындай қылық жасаған жоқпын деп санайды.


Долларға
ERNUR.KZ. "Өзбекконцерт" өзбектің танымал әншісі Жахонгир Атаджановты лицензиясынан айырды, деп жазады Zakon.kz.
Оған себеп – сахнаға доллардан жасалған алқа тағып шыққаны мен жанкүйерлерінің жан-жағынан үстіне доллар шашқаны бейнеленген видеоның әлеуметтік желіде тарағаны.
- Жахонгир Атаджанов қасиетті Рамазан айында ұятты ұмытып, этикаға, ұлттық дәстүрге сай келмейтін қылық жасады, – делінеді "Өзбекконцерт" хабарламасында.
Әншінің өзі болса, шектен шығатындай қылық жасаған жоқпын деп санайды. "Өзбекконцерт" лицензиямды ала берсін, "ұлтымыздың өркениетті болып келе жатқанына қуанамын", деп жазды ол.