Дубай әуежайы маңында дрон құлаған кезде төрт адам зардап шекті

0
78

​Соққы салдарынан алты адам қаза тауып, 122 адам жараланған.


Дубай әуежайы маңында дрон құлаған кезде төрт адам зардап шекті

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай әуежайының маңына екі дрон құлағаннан кейін төрт адам зардап шеккен. Бұл туралы Дубайдың мемлекеттік медиа-офисі мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Оқиға 11 наурызда болған.

Гананың екі азаматы мен Бангладештің бір азаматы жеңіл жарақат алды, Үндістанның бір азаматы орташа дәрежедегі жарақат алды, - делінген хабарламада.

Құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттары әуе қатынасына әсер еткен жоқ.

10 наурызда БАӘ-де Иран аумағынан жасалды деп болжанған ұшқышсыз аппараттар мен зымырандарды қолдану арқылы бірқатар шабуылдар болды.

Соққы салдарынан алты адам қаза тауып, 122 адам жараланды.