Дүниежүзілік банк Өзбекстанға екі жобаға 289 млн доллар жеңілдікпен несие береді

0
579

Бұл жөнінде Өзбекстанның экономикалық даму министрлігі хабарлады.


Дүниежүзілік банк Өзбекстанға екі жобаға 289 млн доллар жеңілдікпен несие береді

ERNUR.KZ. Өзбекстанда сумен қамтамасыз ету саласын дамыту үшін және оған институционалдық қолдау көрсету мақсатында Дүниежүзілік банк (ДБ) 239 млн доллар жеңілдетілген несие және 7,8 млн доллар көлемінде Швейцария мемлекеттік хатшылығының грантын береді, деп жазады centralasian.org.

Бұл жөнінде Өзбекстанның экономикалық даму министрлігі хабарлады. Аталған мекеме басшылығы 17 мамырда Ташкентте Дүниежүзілік банк өкілдерімен келісімге келген.

Бұл жоба бойынша Өзбекстанның үш аймағында 500 мыңнан астам адам сапалы сумен қамтамасыз етіледі және канализация бойынша сапалы қызметке қол жеткізеді. Нүкіс, Тахиаташ және Қарақалпақстанның Ходжейли қалаларының канализация құбырлары толығымен жаңартылмақ. Сонымен бірге Самарқанд облысының Каттакурган қаласы мен Сырдария облыстарының сумен қамтамасыз ету қызметі жақсартылмақ.

Бұдан бөлек "Өзбекстанда ұлттық инновациялық жүйені модернизациялау" жобасын жүзеге асыру үшін ДБ 50 млн доллар көлемінде жеңілдетілген несие бермек.