63 жастағы кәсіпкер бұл орынға жалғыз үміткер болды.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік банктің жаңа президенті болып үндістандық-америкалық кәсіпкер Аджай Банга сайланды. Бұрын ол ұзақ уақыт MasterCard компаниясын басқарған, деп жазады ҚазАқпарат.
63 жастағы кәсіпкер бұл орынға жалғыз үміткер болды. Дегенмен, шешім бірауыздан қабылданбады: Ресей өкілі қалыс қалды.
Дәстүр бойынша Дүниежүзілік банк президенті Америка азаматы болады, оны АҚШ президенті ұсынады.
Банктің бұған дейінгі басшысы Дэвид Малпас қызметінен мерзімінен 1 жыл бұрын кетеді. Оның нақты себебі ресми айтылған жоқ.