Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

0
758

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келген.


Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

ERNUR.KZ. Тәжікстанда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. "Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды", - деп жазды Берік Уәли.


Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келген.

Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.