Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.
Фото: news.un.org
ERNUR.KZ. ТАСС басылымының жазуынша, Конго Демократиялық Республикасында жылдам таралып жатқан бұл виурс көрші елдерге және бүкіл аймаққа қауіп төндіріп тұр, деп жазады inbusiness.kz.
– Аурудың таралуының әрбір тізбегі анықталып, тоқтатылмайынша, індет жалғаса береді. Ол КДР-ға, көрші елдерге және жалпы бүкіл аймаққа қауіп төндіреді, – деді ол Женевада өткен брифингте.
Қазіргі індет ауру тарихындағы ең жылдам өршіп жатқан әрі ауқымы жөнінен екінші ірі ауру саналады. Гебрейесустің сөзінше, қауіпсіз жерлеу рәсімдерінің ұйымдастырылмауы салдарынан вирус тез таралуда.
КДР мен Угандада 15 мамырда басталған індеттің өршуі Африкада алғаш пайда болғалы ең көп адам өлген екінші жағдай болып отыр.
Соңғы мәліметке сай, Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 2,9 мыңнан асқан. Расталған жағдайлардың саны 6 мыңнан жоғары. Қазір ауру Конгоның алты провинциясында тіркеліп отыр. Індеттің негізгі ошағы Итури провинциясында орналасқан.


