Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды

0
200

Конго Демократиялық Республикасында соңғы тәулікте Эбола безгегін жұқтыру және одан қайтыс болу жағдайлары күрт өсті.


Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Соңғы мәлімет бойынша, Конго Демократиялық Республикасында Эболаны жұқтырғандар саны 452-ге жетіп, 82 адам көз жұмған, деп жазады baq.kz.

Конго Демократиялық Республикасында соңғы тәулікте Эбола безгегін жұқтыру және одан қайтыс болу жағдайлары күрт өсті.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған күнделікті бюллетеньде айтылды.

Ведомствоның мәліметінше, расталған өлім жағдайларының жалпы саны 82-ге жеткен. Бұл алдыңғы тәулікпен салыстырғанда 18 адамға көп.

Сондай-ақ расталған инфекция жұқтыру жағдайлары 71-ге артып, 452-ге жетті. Жаңа науқастардың едәуір бөлігін әйелдер құрайтыны атап өтілді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі мұндай қысқа мерзім ішінде көрсеткіштердің осыншалықты өсуі мамыр айында басталған қазіргі індеттен бері алғаш рет тіркеліп отырғанын мәлімдеді. Әзірге жағдайдың күрт нашарлауына нақты не себеп болғаны толық анықталған жоқ.

Министрліктің болжамынша, көрсеткіштердің өсуі медицина қызметкерлерінің бұған дейін жетуі қиын болған Итури провинциясының бірқатар аудандарына қол жеткізуімен байланысты. Дәл осы өңір індеттің негізгі ошағы саналады.

Атап айтқанда, Угандамен шекаралас Махаги округіне қолжетімділік кеңейтілген. Бұған дейін бұл аумақта қарулы топтардың әрекетіне байланысты дәрігерлердің жұмысы қиындаған болатын.

Еске салайық, Конго Демократиялық Республикасының және Уганданың билігі Эбола безгегінің өршуі басталғанын 15 мамырда жариялаған еді. Африка одағының дерегіне сәйкес, қазіргі індет 1976 жылдан бергі ең ауқымды өршулердің бірі саналады.