Туризм Мальдив экономикасының негізгі бөлігі.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. 16 сәуірде Мальдив аралдарының Үкіметі аумаққа Израиль азаматтарының кіруіне тыйым салды. Шектеу Израильдің Газадағы қақтығысына байланысты болды, деп жазады zakon.kz.
CNN мәліметі бойынша, Мальдив президенті Мохамед Муиззу 15 сәуірде парламент қабылдағаннан кейін елдің иммиграциялық заңына түзетуді ратификациялады.
Иммиграция туралы заңға түзетумен Израиль төлқұжатына ие адамдардың елге кіруіне тікелей тыйым салатын жаңа тармақ қосылды.
Туризм Мальдив экономикасының негізгі бөлігі болып табылады, ЖІӨ-нің шамамен 21% құрайды. Мәселен, сала бойынша, 2024 жылы 5,6 миллиард доллар түсім түскен. Мемлекет биыл шамамен 5 миллиард доллар табыс күтіп отыр.