Ер адам 100-ден астам тірі жыланды шалбарына жасырып шекарадан өтпек болды

0
327

Қытайдың кеденшілері Гонконгтан материктік Қытайға 100-ден астам тірі жыланды алып өтпек болған ер адамды ұстады.


Ер адам 100-ден астам тірі жыланды шалбарына жасырып шекарадан өтпек болды

ERNUR.KZ. Қытай билігінің мәліметінше, ол бауырымен жорғалаушыларды кенеп қапшықтарға салып, шалбарының ішіне жасырған, деп жазады Stan.kz



Тексеру барысында қапшықтарда жалпы саны 104 тірі жылан бары анықталды. Ондағы жыландардың пішіндері, көлемі мен түстері де әртүрлі болып шықты. Кеденшілер ұстаған екі қапшық қызыл, ақ және қызғылт түсті жыландарға толы.

Қытай заңы елге арнайы рұқсатсыз жануарлар түрлерін әкелуге тыйым салады.

“Заңды бұзғандар заң шеңберінде қатаң жазаланады”, – деп мәлімдеді жергілікті билік. Алайда кеденшілер құқық бұзушылар нақты қалай жазаланатынын айтқан жоқ.

Бүгінде Қытай әлем бойынша жануарлар контрабандасының ең ірі орталығы саналады. Соңғы жылдары ел билігі мұндай заңсыз саудамен белсенді түрде күресіп келеді.