Ер адам әлемдегі "ең үлкен мысықпен" серуендеп жүр (видео)

0
3 663

Әлемдегі ең ірі мысық тұқымдас лигр деп аталады.


Ер адам әлемдегі

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штаты, Мертл-Бич қаласында ер адам көшеде лигрмен серуендеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Кадрларда көпшілікке "Нағыз Тарзан" деген атпен белгілі Майкл Холстон әлемдегі ең үлкен мысық – лигрмен (еркек арыстан мен ұрғашы жолбарыстың буданы) серуендеп жүр. Оның салмағы – шамамен 319 келі.


Ер адамның айтуынша, лигр сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Аты – Аполлон.

Блогер видеоны YouTube желісіне салып, 120 мың қаралым жинады.

Лигр — мысық тұқымдастардың ең ірі өкілі. Ұзындығы төрт метрден асуы мүмкін, ал салмағы үш жүз келіден артады.