Ер адам бір жылдан астам уақыт бойы үйінде анасының мәйітін сақтады

0
1 751

​Ол анасын жерлеуге қаражат болмағанын айтып отыр. Сондықтан денесін кілемге орап, пәтерде қалдырыпты.


Ер адам бір жылдан астам уақыт бойы үйінде анасының мәйітін сақтады

ERNUR.KZ. Ресейдің Самара қаласының тұрғыны 16 ай бойы анасының мәйітін үйінде сақтады, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Марқұмның ұлы мүгедек екені белгілі болды. Ол анасы өткен жылдың 19 тамызында қайтыс болғанын айтты. Жерлеуге қаражат болмағандықтан, денесін кілемге орап, бөлмеде қалдырғанын жеткізді.

23 желтоқсан күні үйіне танысы келген. Ішімдік ішпек болған кезде ол болған жағдайды жасырмай айтқан. Танысы полицияға хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.