Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберді

0
351

Оқиға орнында 36 жастағы әйел мен бір жастағы ұл бала қайтыс болды.


Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберді

ERNUR.KZ. Мәскеуде ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Олар алған жарақатынан тіл тартпай кетті, деп жазады Stan.kz.


Куәгерлердің сөзінше, ер адам пәтерінің терезесінен заттарды да лақтырған. Оқиға орнында 36 жастағы әйел мен бір жастағы ұл бала қайтыс болды. БАҚ ұсталған адам Ресей Федерациясының Орталық Банкінің қызметкері деп болжап отыр. Олар жұбайымен шамамен үш жыл некеде тұрған.

Жағдай Красноказарменная көшесіндегі "Лефортово парк" ТК-де болған.

Оқиға орнында жедел жәрдем, ТЖМ және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.