Үміткерлер тізімі сан алуан.
ERNUR.KZ.Брюссельде кәрі құрлық елдерінің көшбасшылары кезектен тыс саммит ұйымдастырып, Еуроодақтың басқару құрамын жасақтауға кірісті, деп жазады «Хабар 24».
Үміткерлер тізімі сан алуан. Талап бойынша құрамында 2 әйел, Батыс және Шығыс Еуропа өкілдері, жетекші партиялардың мүшелері мен либералдар болуы шарт. Ал алдағы сейсенбіде Страсбургте қайта сайланған Еуропарламенттің алғашқы сессиясы өтуі тиіс. Сол жиында заң шығарушы органның басшысы таныстырылады.
Айта кетейік, Еурокомиссияның президенті лауазымына Эммануэль Макрон брексит бойынша келіссөз жүргізуші Мишель Барньені ұсынса, Ангела Меркель Манфред Вебер есімді үміткер лайық деп отыр.
– Бізге Еуропарламентпен мақұлданған ортақ пікір керек. Сондықтан Еурокеңестің президенті Дональд Тусктан әртүрлі парламенттік топтармен кеңесіп алуын сұрадық. Сосын бізге өзара уағдаластық керек. Еурокеңес пен парламенттің барлық өкілімен пікіріміз бір болса, ішкі тұрақтылығымыз да бұзылмайды, - дейді Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркель.
– Германия тарапы ұсынып отырған үміткерге қарсылығым жоқ. Алайда Ангела Меркельдің өзі үміткер болса, оған бірауыздан қолдау көрсетер ем. Себебі, оның президент болуға қарым-қабілеті жеткілікті, - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.