Еуропада 500 мың адам коронавирустан қайтыс болуы мүмкін

0
807

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көңіл көншітпейтін болжам жасады.


Еуропада 500 мың адам коронавирустан қайтыс болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қыста Еуропада кемінде 500 мың адам COVID-19-дан қайтыс болуы мүмкін, деп жазады baq.kz.

Егер ЕО елдері пандемияға байланысты шектеулерді күшейтпесе, бұл болжам жүзеге асуы мүмкін. COVID-19 кезекті рет біздің аймақта өлім-жітімнің басты себебі болып отыр, жаңа толқынның туындауы суық ауа райының келуі, бірқатар елде вакцинация қарқынының төмендігі және SARS-CoV-2 жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты, - деді ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге.
Осыған орай Австрияда бүгіннен бастап жалпыұлттық локдаун енгізіледі, Данияда кинотеатрларға, түнгі клубтар мен мейрамханаларға бару үшін ковид-паспорттар міндетті.

Германияның федералды аймақтарында COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеуде.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша өткен тәулікте елде 42 727 коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайы тіркелген, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 63 мыңнан астам деректі құрады. SARS-CoV-2 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 5,5 млн-ға жуықтады, нақтырақ 5 354 942-ге жетті. Соңғы 24 сағат ішінде 75 науқас ауру салдарынан көз жұмды, ал пандемия басталғаннан бері Германияда 99 062 адам COVID-19 асқынуынан қайтыс болды.