Еуропада коронавирус тіркелмеген жалғыз ел аталды

0
1 090

Коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандардың саны жағынан Қытай бірінші орында, ал екінші орында Италия тұр.


Еуропада коронавирус тіркелмеген жалғыз ел аталды

ERNUR.KZ. Еуропада тек Черногорияда коронавирус инфекциясы тіркелмеген, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау институтының эпидемиологы Игор Гали айтты, деп хабарлады Интерфакс.

Оның айтуынша, 2 мыңнан астам адам коронавирусқа тексерілді, қазіргі уақытта 392 тұрғын бақылауда тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустың 127 мыңдай астам жағдайы тіркелген. 4,6 мыңнан астам науқас қайтыс болды, 68 мыңнан астамы емделіп шықты.

Коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандардың саны жағынан Қытай бірінші орында, ал екінші орында Италия тұр.