​Facebook фейк жаңалықтарға қарсы «соғысты» жеңе ала ма - ВВС

0
1 203

Сарапшылар аталмыш әлеуметтік желінің жалған ақпаратқа қарсы соғысқа мүлдем дайын емес екенін айтып жатыр.


​Facebook фейк жаңалықтарға қарсы «соғысты» жеңе ала ма - ВВС

ERNUR.KZ. Facebook фейк жаңалықтарды анықтау үшін бірнеше компаниямен келісімшартқа отырған болатын. ВВС басылымы бұл келісім расымен жалған ақпаратқа қарсы күресе ала ма деген сұраққа жауап іздеп көрген, деп жазады ҚазАқпарат BBC басылымына сілтеме жасап.

«Екі жыл бұрын Фактілерді тексерудің халықаралық күні бекітілген болатын. Facebook компаниясында фактілерді тексерумен айналысатын мамандар бұл жұмыстың әзірге тиімсіз екенін айтуда», - деп жазады басылым.

Автордың сөзіне қарағанда, сарапшылар аталмыш әлеуметтік желінің жалған ақпаратқа қарсы соғысқа мүлдем дайын емес екенін айтып жатыр.

«Бүгінгі таңда Facebook-те бүкіл әлем бойынша 43 компания 24 тілде фактілерді тексерумен айналысады. Facebook әр мақаланы тексеруге 800 доллар төлейді. Мысалы, Латын Америкасын алсақ, ол жақта 491 материал тескеру кезегін күтіп тұр екен. Мамандардың көбі Facebook 2018 жылдың соңынан бері фактілерді тексеруді қолға алмай жатқанын айтуда», - делінген ақпаратта.