Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Филиппин жағалауында магнитудасы 6,1 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.
Жерасты дүмпулері Генерал-Сантос қаласынан (679 мың адам) шығысқа қарай 138 км, сондай-ақ Саранганиден (7,5 мың адам) шығысқа қарай 72 км жерде тіркелген.
Кейінірек аймақта 4,9 баллдық афтершоктар да болды. Олар Генерал-Сантостан шығысқа қарай 122 км, 88 км тереңдікте орын алған.
Сондай-ақ, бүгін Эквадордың Геофизика институты елдің оңтүстік-батысында орналасқан Гуаяс провинциясындағы Наранхал қаласына жақын маңда магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жерасты дүмпуінің ошағы 45,5 км тереңдікте болған.