Полициядан қашқан көлік жүргізушісі автобуспен соқтығысып, көз жұмды

0
202

Автобуста 55 жолаушы болған


Полициядан қашқан көлік жүргізушісі автобуспен соқтығысып, көз жұмды

Photo : Stefan Schweihofer

ERNUR.KZ. Қостанайда полициядан қашқан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 қазанда кешкі уақытта болған.
Көлік жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қаша жөнелген. Ал қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, автобустың бүйіріне соқтығысқан. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Автобуста 55 жолаушы болған. Екеуі медициналық көмекке жүгінді.
Полиция тергеу шараларын бастады.