Бір адам қаза тауып, оншақты кісі жарақат алған.
ERNUR.KZ. Финляндияда белгісіз біреу жергілікті колледждердің біріне шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы он шақты кісі жарақат алған. Дәрігерлер екеуінің жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Мәлім болғандай, қылышпен қаруланған белгісіз біреу колледж ғимаратына басып кірген. Сөйтіп жолына түскендерге қылышын сермей бастаған. Оқиға орнына дереу келіп жеткен полиция өкілдері қаскөйді тоқтату үшін қару қолданыпты. Құқық қорғау органдары әзірге бұдан өзге мәліметті хабарламай отыр.