Бірнеше минутқа созылған құбылысты жергілікті халық видеоға түсіріп алған.
ERNUR.KZ. Флоридада тұрғындар алапат құйынның куәгері болды. Табиғаттың осы бір ерекше құбылысы Марко аралы жағалауымен жүріп өткен, деп жазады «Хабар 24».
Бірнеше минутқа созылған құбылысты жергілікті халық таспаға тартып, қызықтаған. Айта кетсек, бұл арал Мексика бұғазында орналасқан. Ол туристер арасында кеңінен танымал.
Қазір онда маусымдық жаңбыр мезгілі өтіп жатыр.