Қажетті рәсімдер аяқталған соң нысан «Президент Дональд Трамп атындағы халықаралық әуежай» деп аталуы мүмкін.
фото: Associated Press
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Флорида штатының губернаторы Рон Десантис Палм-Бич халықаралық әуежайын АҚШ президенті Дональд Трамп құрметіне қайта атау туралы заңға қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz.
ҚАНДАЙ АТАУ БЕРІЛЕДІ
Қажетті рәсімдер аяқталған соң нысан «Президент Дональд Трамп атындағы халықаралық әуежай» деп аталуы мүмкін. Ол үшін АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық басқармасының (FAA) мақұлдауы және жергілікті билікпен тиісті келісімдер қажет.
ТРАМП ЕСІМІ БЕРІЛГЕН НЫСАНДАР
Бұл – Трамптың есімі берілетін нысандардың тағы бірі. Бұған дейін оның аты әртүрлі ғимараттар, мекемелер, мемлекеттік бағдарламалар, әскери кемелер және тіпті кейбір қаржылық элементтерге берілгені айтылып келеді.


