Франция ханшайымы коронавирустан көз жұмды

0
828

Ханшайымның өлімі туралы оның кіші ағасы әлеуметтік желіде жариялаған.


Франция ханшайымы коронавирустан көз жұмды

ERNUR.KZ. Париж қаласында 86 жастағы ханшайым Мария Тереза Бурбон-Пармская көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

Өлімнің себебі SARS-CoV-2 жаңа коронавирусынан туындаған ауру болды.

Мария Терезаның туыстарының қатарына Испанияның королі Филипп VI және бұрын испан тағына үміткер болған герцог Карлос Пармский кіреді.

Ханшайымның өлімі туралы оның кіші ағасы Сикст-Генрих Бурбон-Пармскийдің Facebook-те жариялаған жазбасында белгілі болды.