Францияның 34 провинциясында қызғылт сары дабыл деңгейі жарияланды

0
131

Сейсенбі күні 19 провинцияда орын алған қолайсыз ауа райы алдағы күндері елдің көптеген аймақтарында сақталады.


Францияның 34 провинциясында қызғылт сары дабыл деңгейі жарияланды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Францияның 34 провинциясында су тасқыны мен дауыл салдарынан ескерту деңгейі қызғылт сарыға дейін көтерілді, деп жазады inform.kz.

Франция метеорологичлық қызметінің хабарлауынша, сейсенбі күні 19 провинцияда орын алған қолайсыз ауа райы алдағы күндері елдің көптеген аймақтарында сақталады.

Су тасқыны мен дауыл қаупіне байланысты «қызғылт сары дабыл» жарияланған провинциялар саны 34-ке дейін, ал «сары дабыл» режимі жарияланған провинциялар саны 47-ге жетті.

Елдің оңтүстігінде, Пиреней аймағының батысында, Париж аймағында және Пас-де-Ла-Луар провинциясында жел жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жетіп, нөсер жауын жаууы мүмкін.