Бес жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық шетелден экстрадицияланды

0
282

Аталған тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасағаны үшін күдікке ілінген.


Бес жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық шетелден экстрадицияланды

© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ERNUR.KZ. Бес жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық шетелден экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"2026 жылдың 2 қазанында ҰҚК ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен өзара әрекеттесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматын шетелден Астана қаласына жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Аталған тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасағаны үшін күдікке ілініп, 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, дейді комитетте.