"Гарри Поттер" фильміндегі Хагридтің рөлін ойнаған Робби Колтрейн дүние салды

0
862

Актер 73 жасында қайтыс болды.


ERNUR.KZ. "Гарри Поттер" фильміндегі Хагридтің рөлімен көпшілікке кеңінен танымал, британдық актер Робби Колтрейн дүниеден озды, деп жазады Zakon.kz.

Актер 73 жасында қайтыс болды, деп жазады The Hollywood Reporter.

Робби Колтрейн (шын аты — Энтони Роберт Макмиллан) - актер, комик, сценарист және продюсер. Ол 1950 жылы 30 наурызда Шотландияның Рутерглен қаласында дүниеге келген. Беделді Гленалмонд колледжінде оқып жүргенінде тәртіп бұзып, оқудан шығып қала жаздаған. Содан кейін ол Глазго өнер мектебін және "Теңіздер үйі" педагогикалық колледжін тәмамдады.

ТМД көрермендеріне ол, көбінесе "Крекердің тәсілі" детективтік сериясындағы психолог Фицджеральдтың, сондай-ақ, "Қашқын Әулиеқыздар" фильміндегі Инвиолата әжейдің рөлі арқылы есте қалды.