Газа аумағында Израильдің санаулы әскері қалды

0
624

Израиль қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстік бөлігінен әскерін шығарды.


Газа аумағында Израильдің санаулы әскері қалды

ERNUR.KZ. ЦАХАЛ Газа секторының оңтүстігінен 98-дивизиясын шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Израиль қорғаныс әскері Газа секторының оңтүстік бөлігінен әскерін шығарды.Әскерилер жаңа барлауды қолдана отырып жасалған рейдтер болашақта ХАМАС-пен күресудің тиімді тәсілі болады деп санайды.

Газа секторында Палестина анклавын бөлетін Нетарим дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір ғана бригада қалады. Бұл дәліз ЦАХАЛ-ға Газа секторының солтүстік және орталық бөліктерінде рейдтер жүргізуге және гуманитарлық ұйымдарға палестиналықтарға көмек жеткізуге мүмкіндік береді.

Хамастың еврей мемлекетіне жасаған бұрын-соңды болмаған шабуылынан бері тура алты ай өтті. Жетінші қазанда содырлар 1200-ге жуық адамды өлтіріп, 250-ден астамын ұрлап кетті. Бұған жауап ретінде Израиль Газаны әуеден бомбалауды бастады, содан кейін құрлықтағы операцияға кірісті.

Қараша айындағы бітімгершілік кезінде 100-ден астам кепілге алынған адам босатылды. Сондай-ақ армия 34 тұтқынның қайтыс болғанын растады. Болжам бойынша, Газада кепілге алынған 95 адам қалады.

ХАМАС бақылайтын Газа денсаулық сақтау министрлігі жарты жыл ішінде анклавта 33 мыңнан астам тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл ақпарат тәуелсіз расталған жоқ.