Германия Украинаға зениттік ракета жеткізуге келісті

0
532

​Канцлер Олаф Шолц Германия Украинаға қару жеткізуді қолдайтынын айтқан.


Германия Украинаға зениттік ракета жеткізуге келісті

ERNUR.KZ. Германия Федеративтік республикасының экономика министрлігі Украинаға 2 700 зениттік ракета жеткізуге рұқсат берді, деп жазады sputnik.kz.

"Германияның экономика министрлігі Украинаға "Стрела" типті зениттік ракеталарды жеткізуді қолдады", - делінген агенттік хабарламасында.
Бұған дейін канцлер Олаф Шолц Германия Украинаға қару жеткізуді қолдайтынын айтқан.
Сонымен қатар ол соғыстан кейінгі Германия мен Ресейдің татуласуы тарихи сәт екенін атап өтіп, екі ел арасының тағы суып кетпеуі маңызды екенін айтты.