Оған әуежай операторлары, жерүсті қызметкерлері және авиациялық қауіпсіздік мамандары қосылды.
ERNUR.KZ. Германияда әуежай қызметкерлерінің жаппай ереуілі басталып, 3400-ден астам рейс тоқтатылуы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.
10 наурызда елдегі ірі әуежайларда Ver.di кәсіподағы ұйымдастырған 24 сағаттық ескерту ереуілі басталды. Оған әуежай операторлары, жерүсті қызметкерлері және авиациялық қауіпсіздік мамандары қосылды.
«Ереуіл Берлин-Бранденбург, Штутгарт, Кёльн/Бонн, Дюссельдорф, Дортмунд, Мюнхен, Гамбург, Франкфурт, Ганновер, Бремен және Лейпциг/Галле әуежайларында өтті. Сонымен қатар Веце және Карлсруэ/Баден-Баден әуежайларында тек жолаушыларды, персоналды және жүктерді тексеретін авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері наразылыққа қосылды», — делінген материалда.
Германияның әуежайлар қауымдастығының (ADV) мәліметінше, ереуіл салдарынан 510 мыңға жуық жолаушыға әсер ететін 3400-ден астам рейс тоқтатылуы мүмкін. Ver.di кәсіподағы жалақыны 8%-ға немесе кемінде 350 еуроға көтеруді, ауыр жұмыс жағдайлары үшін үстемеақыны көбейтуді және қосымша демалыс күндерін беруді талап етіп жатыр. Кәсіподақтың мәлімдеуінше, ереуіл әуежайлардың шамамен 25 мың қызметкерінің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.