Ғалымдар адамның табысты болуының басты себебін айтты

0
1 359

«Табысты болу үшін ерте тұру керек. Ерте тұру жұмыс өнімділігін арттырады. Барлық табысты адамдар таңертең ерте тұратын болған. Ерте тұрсаңыз, деніңіз сау болады. Сіз өміріңізді бақылауға аласыз».


Ғалымдар адамның табысты болуының басты себебін айтты

ERNUR.KZ. Қазір мұндай ұрандарды жиі естиміз. ВВС басылымы ерте тұрудың табысты болуға әсері бар ма деген сұраққа жауап іздеп көріпті, деп жазады inform.kz.

«Таңертең ерте ояну - сиқырлы таяқша емес. Ерте тұру үнемі уақыт жетіспеушілігінен арылтып, уақытты басқаруға көмектесе алады деген қате пікір. Apple компаниясының басшысы Тим Кук таңертең ерте тұрып, пошта тексереді. Опра Уинфри медитация жасап, спортпен айналысады. Түрлі зерттеулер де таңертең ерте тұру мен табысты болудың арасында байланыс барын анықтады. Дегенмен, табысты болу ерте тұрғаннан емес, геннен де болуы мүмкін», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Nature Communications журналында жарияланған зерттеу нәтижесінде ғалымдар 700 мың адамды бақылап, табысты болуға әсер ететін 350 генетикалық фактор бар екенін анықтаған.